"Жасыл ел" жасақтарының кезекті легі жұмыстарын бастады
Бүгін "Жасыл ел" жасақтарының тамыз айындағы легі жұмыстарына кірісті. Ақтөбе орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінде былтыр отырғызылған ағаштардың түптерін арамшөптен тазалады. Олар енді бір ай бойы осында еңбек етеді. Тәлімбақ мамандары жастарға өскіндерді күтіп-баптауды үйретті. Тәлімбақта өткен айда 250 жауынгер еңбек еткен. Бүгін 150-ге жуық сарбаз жұмыстарын бастады. Мамандар жыл сайын "жасылелдіктердің" көмегіне жүгінеді. Студенттер мен оқушылар еңбекпен қатар түрлі ағаштар мен жасыл желектерді күтіп, баптау сырларын да меңгереді. Ақтөбе орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің аумағы - 8 гектар. Мұнда сан түрлі желектер мен ағаштар бар. 500 мың түп шаған, 500 мың түп қара ағаш, өрік талдары өседі. Жалпы орман қорын көбейтуге арналған ағаштар өңірімізге бейімделген. Ал "Жасыл ел" жасақтары мұнда күздің соңына дейін еңбек етеді.Количество показов: 16
Дата создания: 04.08.2025 23:15:18