Жастардың құқықтық сауаттылықтары артып жатыр
Аймақ колледждерінде дәстүрлі түрде "Заң және тәртіп" тақырыбында түрлі кездесу өтіп жатыр. Солардың бірі бүгін Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінде өтті. Жастар мен жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, оларға түзу жол көрсетуге бағытталған. Бас қосуға облыстық полиция департаментінің қызметкерлері қатысып, студенттерге заң талаптарын кеңінен түсіндірді. Мамандар жастармен қоғамдық орындардағы тәртіп, құқықбұзушылықтың алдын алу, жастарды теріс ағымдар мен қылмыстық топтардың ықпалынан қорғау мәселелерін талқылады. Қазір қоғамдағы өзекті тақырыптардың бірі - кибералаяқтық пен есірткіге қарсы күрес те назардан тыс қалған жоқ. Полиция өкілдері студенттерді сақ болуға, заң талаптарын қатаң сақтауға және кез келген күмәнді жағдайларда тиісті органдарға жүгінуге шақырды. Жүйелі жүргізілетін мұндай кездесулер жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты, есірткіге құмарлық пен кибер алаяқтықтың алдын алуға мүмкіндік береді, дейді мамандар.Количество показов: 9
Дата создания: 11.04.2026 06:12:54



















