Жастар ардагерге көмектесті
Үлкенге ізет, кішіге өнеге көрсетуді мақсат еткен жастар бұл жолы жалғызбасты қарияның шаңырағына барды. "Ардагерлерді ардақтайық" акциясы аясында "Жасыл ел" жастар еңбек жасағының 20-дан астам сарбазы 76 жастағы қала тұрғынының ауласын тазалап, арамшөптерді жұлып, аумақты ретке келтіруге көмектесті. Жастардың айтуынша, мұндай шаралар ардагерлердің тұрмысын жеңілдетіп қана қоймай, қарияларға сыйластық пен құрмет көрсетуіне мүмкіндік береді. Гүлжахан әже уақытын бау-бақша егумен өткізетінін айтты. Жыл сайын көкөністер мен жемістерді өзі егеді екен. 10 жыл математика пәнінің мұғалімі болып, кейін мектепте психолог болып қызмет атқарған. Әжей екінші топтағы мүгедектер санатына жатады. Оның айтуынша, жастардың амандығын тілеп, олардың үлкендерді ұмытпай, жиі қолұшын созып тұратыны қуантады. Көмек алған қария көрсетілген қолдау мен қамқорлыққа ризашылығын білдірді. Мұндай жастарды тәрбиелеп отырған ата-аналарына да алғысын айтып, батасын берді. Бүгінгі акция - тек тазалық емес, үлкендерге көрсетілетін құрметтің бір бөлігі. Үлкенге деген сыйластық, оған жасаған жақсылық қашанда жастарға үлгі. Ұйымдастырушылардың сөзінше, басты мақсат - ардагерлерге құрмет көрсетіп, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту.Количество показов: 12
Дата создания: 17.06.2026 07:22:32



















