Жастар және жалпыұлттық құндылықтар
Жастар - ел ертеңі. Ұлттық құндылықты жалғастыратын да жастар. Бүгінгі шара Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өтті. "Жастар және жалпыұлттық құндылықтар" тақырыбында облыс әкімінен бастап, тағы 5 спикер жастармен тілдесті. Кездесудің басты мақсаты – жастар арасында өмірлік құндылықтарды қалыптастыру, олардың саналы таңдау жасауына жол ашу, құқықбұзушылықтың, нашақорлық пен басқа да зиянды әдеттердің алдын алу. Сонымен қатар, қоғамға еңбегі сіңген, табысқа жеткен тұлғалардың өмір жолын үлгі ету арқылы жастарды табандылыққа, білім мен еңбекке баулып, салауатты, патриотты және белсенді азамат ретінде қалыптастыру. Кино және театр актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Даурен Сергазин «Әділдік пен жауапкершілік» тақырыбында адами құндылықтар, әділдік пен адалдықтың өмірдегі рөлі туралы әсерлі ойымен бөліссе, халықаралық Heriot-Watt университетінің 3-курс студенті, "Сөйле" тілдесу клубының жетекшісі Аида Кадын «Бірлік және ынтымақ» тақырыбында жастарға қоғамдағы бірлік пен өзара қолдаудың маңызын, толеранттықтың құндылығын мысалдармен жеткізді. Белсенді жастардың ойынша, ұлттық құндылықты жоғалтпау, оны дәріптеу әр адамның парызы. Білім алу, тіл үйрену, игі істермен айналысу, өзінен кейінгі жастарға үлгі болатындай істер жасаудың барлығы қоғамға тек оң әсерін тигізеді,- дейді олар.Количество показов: 23
Дата создания: 25.11.2025 07:19:44



















