Жастар жүгіріп жүріп қоқыс жинады
«JASYL CROSS 2025» "Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында өтіп жатыр. Бүгін Махаббат тауының басына 300-ге тарта жас жиналды. Барлығы ниеттес. Табиғатты қорғауға ықпалын тигізу мақсаттары. Қолына қолғап киіп, қап ұстаған жастар "Ғашықтар мекені" аталып кеткен жотаның маңайын күл қоқыстан тазартты. Шараның ерекшелі 300 жас 31 топқа бөлініп, 50 минут ішінде маңайды жылдам қоқыстан тазартуы тиіс. Экологиялық плоггингке Жасыл ел сақшыларымен қатар еріктілер де ат салысты. Жасыл аймақта қолғап киіп, қап ұстаған жастар топ болып жарысып, жеңімпазды анықтайды. Еріктілер мұндай игі істерді өткізу табиғаттың ластануын азайтады, дейді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай экологиялық жарыстар дәстүрге айналып, жалғасын тапппақ. Бұл шара тек табиғатты таза ұстауға емес, бірлікке де үйретеді. Айта кеткен жөн, Астана күніне орай еліміздің барлық өңірлерінде табиғатты қорғауға бағытталған игі істер өтуде. Ақтөбе де бұл бастаманы назардан тыс қалдырмады.Количество показов: 18
Дата создания: 11.07.2025 05:48:48