Жастар туризм саласын дамытуға серпін беруде
Туризм саласының дамуы болашақ мамандармен жұмыс жасаудан басталады. Бүігн туризм саласына қызығушылық танытатын жастар бас қосты. «Tourism Skills» атты танымдық кездесу болашақ мамандарға бағыт-бағдар беруді мақсат етеді. Іс-шараны «Visit Aqtobe» туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырды. Кездесу барысында қатысушылар туризм индустриясының бүгінгі беталысымен танысып, саланың қыр-сырын тереңірек түсінуге мүмкіндік алды. Соның ішінде қонақ үй сервисінің талаптары, клиентпен жұмыс істеу мәдениеті және туристерге алғашқы көмек көрсету тақырыптары қозғалды. Мамандардың айтуынша, қазіргі таңда өңірде саланы жаңғыртудағы басты талап инфрақұрылым бағыты болып отыр. Қонақ үй бизнесі мамандығында оқитын Қарақат есімді қыз Қарғалы ауданында орналасқан Қасқыр сарқырамасын ерекше атап өтіп, аталған жерді туристік аймақ етер едім дейді. Оның қызығушылығы оқудағы практика барысында аудандарға барып, сол аймақтардағы табиғат көрінісін көргеннен кейін ашылған. Мұндай бастамалар жастардың туризмге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына да ықпал етеді.Количество показов: 8
Дата создания: 05.05.2026 07:37:52



















