Жастар қарттарды қуантты
Бүгінгі жастардың қайырымдылыққа бүйрегі бұрып тұратыны қуантады. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін жас буынның қатары көбеюде. Солардың бірі - Ақтөбе құрылыс техника колледжінің 1-курс студенттері. Олар бүгін Қарттар үйінің ауласын тазартып, қарияларға мерекелік концерт қойды. Қариялардың бүгін көңіл күйі көтеріңкі. Ортада би билеп, ән айтты. Жаңылтай Жақасовтың жасы 63 те. Мүгедектігімен орталықта тұрғанына 2 жыл болған. Өзім өмірде жалғыз болғандықтан, жаныма сырлас досты да, қамсыз өмірді де осы орталықтан таптым дейді. Қазір мұнда 300-ден астам қарт пен мүгедек мекен етеді. Оның 73-і мүгедек. Ең үлкенінің жасы 94-те болса, ең кішісі 23 жаста. Жобаның мақсаты – жастардың бойында қайырымдылық, мейірімділік, ізгілік секілді асыл қасиеттерді қалыптастыру, қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілік сезімін арттыру. Сонымен қатар, "Үлкенге құрмет, кішіге ізет" қағидатын берік ұстанып, ата-баба дәстүрін дәріптеу, ұлттың рухани құндылықтарын насихаттау болып табылады,-дейді ұйымдастырушылар.Количество показов: 13
Дата создания: 01.10.2025 07:54:15