Жастар ардагерге көмектесті
Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Шевченко Мәртөк ауданының тумасы. 1942 жылы Қиыр Шығысқа майданға аттанған. Сол жерде жапон басқыншыларымен ұрысқа қатысқан жерлесіміз 1950 жылы туған өлкесі Мәртөкке аман-есен оралды. Бұдан соң Ақтөбедегі ферроқорытпа зауытында 31 жыл еңбек етіп, зейнетке шыққан. Бүгінде оның 14 немересі мен шөбересі бар. Қан майданнан аман оралған ардагерге құрмет көрсеткен жастар бүгін қарияның бау-бақшасын ретке келтіріп, тазалық орнатты. Сонымен бірге Иван Ивановичке арнайы әкелген тәтті сыйлықтарын ұсынып, үй ішінің ұсақ шаруаларын атқарды. Жастар қаладағы 42 соғыс және тыл ардагерін өз қамқорлықтарына алған. Атқарылып жатқан жұмыстар маусымға байланысты әрқилы дейді олар.
Количество показов: 1385
Дата создания: 26.09.2017 18:25:22