Жастарға кәсіби дағдыға үйрететін оқу-өндірістік комбинат ашылады
Енді қалада ерекше балаларға арналған жаңа оқу-өндірістік комбинат қызмет ететін болады. Жоба Ақтөбе сервис колледжінің базасында жүзеге асырылады. Қол қойылған меморандумға сәйкес, 16 мен 23 жас аралығындағы аутизм диогназы бар және мінез-құлық ерекшеліктері бар 10 жас еңбекке араласпақ. Колледжде оларға арнайы тағайындалған мамандар көмекке келеді. Пилотты жоба аясында жастар алты ай бойы "Кондитер" бағыты бойынша білім алып, кәсіби дағдыларын қалыптастырады. Оқу аяқталған соң мемлекеттік үлгідегі куәлік беріледі. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, облыста ерекше білім беруді қажет ететін 10 мыңға жуық жас бар. Оның 3 мың 292-сі мектепке дейінгі жаста болса 5 мың 446-сы мектеп жасында. Ал 152 бала арнайы білім беру ұйымдарында оқиды. Пилоттық жоба ел бойынша 5 қалада жұмыс істеп жатыр. Ал Ақтөбеге қараша айынан бастап енгізіледі. Жоба басталғалы бері елімізде 133-тен астам жасөспірім, 16 мен 23 жас аралығындағы ересек тұлғалар кәсіби оқумен қамтылған. Олардың 34-і колледждерде білімін жалғастырса, алты түлек жұмысқа орналасқан.Количество показов: 13
Дата создания: 15.10.2026 10:17:50



















