Жас туристер туған өлкеге саяхаттады
Бүгін шаһарда жас туристердің «Туған өлкеге саяхат» қалалық байқауы өтті. 7–10-сынып оқушылары туған өлке тарихы бойынша білімдерін сынға салып, викториналық сұрақтарға жауап берді және өңір бойынша туристік бағыттар әзірледі. Байқау Шығармашылық академиясының қабырғасында өтті. Байқауға әр мектептен және қосымша білім беру ұйымдарынан 4 оқушыдан құралған бір команда қатысады. Сайыс үш номинация бойынша өткізілді. Солардың бірі - «Туған өлке – тұнған тарих» номинациясы. Қатысушылар өңірден шыққан белгілі тұлғаларға, мәдени орталықтар мен ескерткіштерге сипаттама берді. «Ой-таным – QUIZIZZ» номинациясында викториналық сұрақтарға жауап береді. Ал «Туған өлке соқпақтарымен» кезеңінде үй тапсырмасы ретінде қатысушылар өңір бойынша туристік маршрут құрып, оны қорғады. Сайыстың өтуіне «BILIM QAZYNA» және «Қалалық жас туристер стансасы» мұрындық болған. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдар және мадақтамалармен марапатталады.Количество показов: 8
Дата создания: 18.02.2026 07:26:57



















