Жас сақшылары Қобдаға барды
Қобда аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жас сақшыларға танымдық саяхат сыйлады. Мерт болған полиция қызметкерлерінің есімі берілген сыныптардың тәрбиеленушілері Ә.Молдағұлованың туған жері Бұлақ ауылына барып, батырдың музей-үйін аралап көрді. Өмірбаяны, ерлігімен танысты. Танымдық шараға шаһардағы №13, 65 мектеп, Қобда ауданындағы Ақырап орта мектебінен 60-қа жуық жас сақшы қатысты. Алдымен оқушылар Ә.Молдағұлова атындағы облыстық мемориалдық-музейді аралап, кейін Қобда ауданына сапарға шыққан. Қобдада жасөспірімдер "Мәңгілік ел" саябағындағы "Батырлар аллеясымен" танысты. Әлия ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, батыға тағзым кетті.Количество показов: 90
Дата создания: 29.04.2025 10:32:33