Жарық тұрғын алабына спорт алаңы керек
Шаһарда аудан әкімдерінің халыққа есеп беру кездесулері әлі жалғасып жатыр. Алматы ауданының әкімімен кездесуге бүгін біршама тұрғын жиналып, өздерінің көкейкесті сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтты. Халық қойған сұрақтарға басқарма өкілдері жауап берді. Ал сұрақтар - жол, бағдаршам, қураған талдар, қазылып, жөнделмей кеткен жерлер, спорт кешендері және т.б аудан мәселелері жайында болды. Тұрғындардың шешілмей жүрген мәселелерінің бірі - футболға арналған спорт кешені немесе алаң. Қазір футболсүейер балалар қалаға қатынауға, командалық ойындарда басқа кешендерді өз қалталарынан шыққан қаражатқа жалдауға мәжбүр. Мәселе бірнеше жылдан бері шешімін таппай келеді. Бұрынғы Ясный, қазіргі Жарық тұрғын алабы жасыл желекке бай, талдары көп мекен. Қураған ағаш, кесілген талдардың да саны аз емес. Олар уақытында жиналмаса, жаздың апатап ыстығында өртке айналуы мүмкін,- дейді тұрғын алабының белсендісі. Халық алдына келген шенділер айтылған мәселелер шешіледі деп уәде берді. Бірақ бұл бір күндік немесе бір айлық шаруа емес екенін де ескертті. Бүгінге дейін уәдеге тойған қараша кезекті сенімге селкеу түспесе екен дейді. Жалпы ауданда автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау бойынша 13 жоба жүзеге асырылып жатыр. Инженерлік желілер салу жобалары бойынша былтыр Жаңа ауыл-1, Ақжар плюс, Рауан-2 т/а электржелілері, Жаңа ауыл-1, Рауан-2 т/а газ желілерін жүргізу жұмыстары толықтай аяқталып, қазіргі таңда іске қосылды. Сонымен қатар қала аумағындағы қоғамдық көлікпен жолаушылар мен жүк тасымалдауда 6 тасымалдаушы кәсіпорын, 46 қалалық тұрақты бағытта қызмет көрсетеді.Количество показов: 9
Дата создания: 11.02.2026 08:56:27



















