Жарық ауданының тұрғындары аула тазалығына аса мән беретіндерін айтады
Тазалық - әр тұрғынның жауапкершілігі. Тазалықтың өз ауласынан бастаған адам, қалаға ортақ жерлерді де ластамайды. Шаһардағы Жарық тұрғын ауданында санитарлық жақсы. Тұрғындардың айтуынша, аумақтың тазалығын өздері де сақтауға ерекше мән береді. Әр аймақ жергілікті тұрғындарының мәдениетін көрсетеді. Бұл қағиданы Жарық тұрғын ауданының халқы жақсы түсінеді. Мұнда тұрғындар аулаларын уақытылы тазалап, көгалдандыруды күнделікті әдетке айналдырған. Бүгін редакция ұжымымен тұрғын алаптың санитарлық жағдайын бақылап қайттық. Қоқыс контейнерлеріндегі қоқыстар шығарылған. Дегенмен маңында көлік дөңгелектері мен картон қораптары шашылып жатыр. Ал көше мен аула алдарында шашылған қоқыс көзге түспейді. Тұрғындар өз аулаларын сыпырып, айналасын ретке келтіріп тұратындарын айтады. Олардың сөздерінше, арнайы коммуналдық қызметшілер белгіленген кестеге сай келіп, аумақты тазалау жұмыстарына қолдау көрсетеді. Ортақ іске жұмылған жұрт қаланы таза ұстау, өз үйіңнің алдын таза ұстаудан басталады,- дейді. Үй алдындағы қоқыс контейнеріне ірі габаритті қоқысты тастауға болмайды. Құрылыс қалдықтарына кірпіш, бетон, сылақ, кафель, гипсокартон, терезе жақтаулары, есіктер және жөндеу мен құрылыс жұмыстарынан қалған өзге де материалдар жатады. Мұндай қалдықтардың салмағы мен көлемі үлкен болғандықтан, қоқыс контейнерлері мен арнайы техникалардың тез істен шығуына себеп болады. Сондықтан құрылыс қалдықтарын мамандандырылған ұйымдардың қызметіне жүгіну арқылы өзіңіз шығаруыңыз қажет. Өйтпеген жағдайда, айыппұл арқалайсыз.Количество показов: 16
Дата создания: 08.08.2026 08:56:59



















