Жарақатқа толы жаз мезгілі келе жатыр
Травматология- зейінділікті, жауапты шешімді тез әрі жылдам қабылдауды талап етеді. Көбіне пациенттің денсаулығы ғана емес, өмірі де мамандардың шебер қолымен құтқарылады. Қаламызда адамның әсіресе балалардың дене жарақаттарына тікелей байланысты маман иелері көп. Солардың бірі көпсалалы облыстық балалар ауруханасында жұмыс істейді. Травматологтардың жұмысы қауырт. Жаз басталса, дене жарақатын алатын балалар көбейеді. Соңғы екі айда Ақтөбеде көп қабатты үйдің терезесінен биыл 2 бала құлады. Осы орайда ақхалаттылар терезеге темір тор орнату керектігін ескертеді.Балалардың жарақат алуы мезгілге қарамайды, дейді мамандар. Ол үшін ата-аналар қырағы болып, баланы көзден таса қылмауы шарт. Соған қарамастан қаңтар, ақпан, сәуір айларында 4000-нан астам бала түрлі дене жарақатын алған. Әйтсе де, травматологтар үшін демалыс пен мейрам деген ұғым жоқ. Олар 24/7 дамылсыз қызмет етуде.Количество показов: 32
Дата создания: 21.05.2025 00:33:11