Жаппай тәртіпсіздіктен 17 полиция қызметкері жарақат алды
Ақтөбедегі жаппай тәртіпсіздіктен 17 полиция қызметкері жарақат алды. Бірнеше көлік пен байланыс құралдары да зақымдалған. Өткен бес күннен бері полиция бөлімдеріне 200-ге жуық адам жеткізілген. 160-тан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылуда. Билік өкілдеріне қатысты зорлық-зомбылық көрсетудің, ғимараттарға шабуыл жасаудың, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырудың, терроризм актілерінің барлық фактілері бойынша он бір сотқа дейінгі тергеу басталды. Олардың ішінде аса ауыр қылмыстар жасады деген күдік бойынша уақытша ұстау изоляторына жеті адам қамалған. Олардың үшеуіне қатысты сот "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын қабылдады. 312 азамат әкімшілік қамауға алынды, қалғандарына қатысты жедел шаралар мен тексеру жұмыстары жүргізілуде.Количество показов: 755
Дата создания: 12.01.2022 20:14:40



















