Жантүршігерлік көлік апатнан 12 адам мерт болды
Жантүршігерлік көлік апаты Әйтеке би ауданы Белқопа ауылы маңында болды. Самара - Шымкент автожолында DAF жүк көлігі мен «Газель» маркалы жолаушылар көлігі соқтығысқан. Нәтижесінде 12 адам мерт болып, бес адам Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілді. Үшеуінің жағдайы ауыр, екеуінде орташа. Жол-көлік оқиғасынан соң Самара-Шымкент тасжолының бір бөлігі уақытша 3 сағатқа жабылды. Оқиға орнына облыс әкімі Асхат Шахаров бастаған басқарма және департамент басшылары жетті. Ал, Ішкі істер министрі тергеу барысын жеке бақылауға алды. Министрліктің орталық аппаратының арнайы тобы әуе бортымен өңірге жетті. Қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев. Министрдің тапсырмасы бойынша жол апатынан қаза тапқан азаматтардың туыстарына жан-жақты көмек көрсетіледі. Оған қоса, Премьер-министр Олжас Бектенов жол-көлік оқиғасының себептерін тергеу жөнінде Үкіметтік комиссия құрды. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басшылық ететін Комиссия құрамында Ішкі істер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау және Көлік министрліктерінің жетекшілері, облыс әкімдігінің басшылығы бар. Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жыл басынан бері Самара -Шымкент тас жолында 89 жол оқиғасы тіркеліп, 25 адам қаза тапты. Ал Ақтөбе — Қарабұтақ арасында 47 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 13 адам мерт болды.Количество показов: 25
Дата создания: 24.10.2025 08:10:50



















