Жанармай құю бекеттерінде АИ-92 бензинінің құны артты
Шаһарда жанармай бағасы тағы да назарда. Қаладағы бірқатар жанармай құю бекеттерінде АИ-92 бензині 228 теңгеге дейін жеткен. Баға әр бекетте әртүрлі болғанымен, жалпы өсім бар. Тұрғындар бұл өзгерісті бірден байқағандарын айтты. Әсіресе күнделікті көлік пайдаланатындар үшін шығын көбейген. Кейбір жүргізушілер баға әлі де өсуі мүмкін деп алаңдайды. Дегенмен елімізде АИ-92 бензині мен дизель отыны бағасының күрт қымбаттауы күтілмейді. Бұл туралы ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Үкіметтегі брифингте мәлімдеді. Оның айтуынша, 1 сәуірден бастап жанар-жағармай бағасына енгізілген мораторий өз күшін жойғанымен, нарықта күрт өсім болмайды. Алайда біртіндеп аздаған қымбаттау болуы мүмкін. Вице-министр бұл жағдайды көрші елдердегі бағаның жоғары болуымен түсіндірді. Соған байланысты ішкі нарықта белгілі бір деңгейде теңесу процесі жүруі ықтимал.Количество показов: 11
Дата создания: 08.04.2026 06:16:07



















