"Жағдайы жасалмаған үй"
"Green park" тұрғын үй кешені екі жыл бұрын беріліпті. Бірақ, үйге кірген бойда дау-дамау басталады деп ойламаған едік. Берген пәтерлер сапасыз болып шықты. Бітпей қалған ұсақ-түйек жұмыстарды шу шығармай өзіміз жасап алдық,-дейді тұрғындар. Пәтерлердің ішінде аяқталмай қалған жұмыс көп. Бірақ, бұл бастамасы ғана екен. Амалымыз таусылған соң құрылыс жүргізуші компанияны сотқа бердік,- дейді тұрғындар. Ауладағы қыш төсеніштер екі жыл болмай ойылып қалған. Жертөлеге көктемде су кіріп кетті. Бұл да құрылыстың сапасыздығын көрсетеді. Кәріз құдығы апта сайын бітеліп қалады. Тұрғындар ақша жинап, өзіміз тазалатамыз деп отыр. Олар енді компанияны сотқа беріп, бітпеген жұмыстарды аяқтауды талап етуде. Ал "Green park" тұрғын үй кешенінін салған " EkoHome " серіктестігінің адвокаты тұрғындардың уәжі қисынға келмейді , олардың талабы орынсыз деп ақталуда. Қарсы жақтың пікірінше, үйге кіре беріске шлагбаум мен күзетші қоюға ешкім міндетті емес. Келісім шартта да көрсетілмеген. Басқа шағымдар бойынша да құрылыс компаниясы тарапынан орны алған заңсыздық жоқ. Тұрғындардың арызы орынсыз дейді,-дейді серіктестік өкілі.Количество показов: 455
Дата создания: 05.05.2024 05:24:45