Жаңа жылдағы қауіпсіздік маңызды
Жаңа жыл мерекесіне санаулы күн қалды. Алайда мейрамды тойлап жүріп, қауіпсіздікті де ұмытпаған жөн. Қуанып жүріп бой алдырған кішкентай қателік, үлкен өкінішке әкелуі мүмкін. Бүгінгі кездесудің басты тақырыбы осы болды. Жаңа жылдағы қауіпсіздік. Жаңа жыл мерекесінде мол дастархан жасалатыны анық. Облыста 343 мейрамхана, асханаларда мерекелік дастархан жайылады. Осыған орай ветеринариялық инспекция да жұмысты күшейтті. Оның ішінде мал етіне басымдылық беріп отыр. Қауіпсіздік ережелерінің бірқатары - ғимаратта от жағуға, петарда мен бенгал шамдарын қолдануға және отшашу атуға болмайды. Сондай-ақ, пиротехникалық құралдарды пайдалану жолын түсінбесеңіз және нұсқаулықта көрсетілмеген болса немесе сіз түсінбейтін тілде жазылған болса қолданбаңыз. Қолдан жасалған пиротехникалық құралдарды пайдалануға және іс-шараға өткір және тесетін заттарды әкелуге қатаң тыйым салынады. Отшашуларды сатып алғанда, арнайы құжаты бар дүкендерден алған жөн. Мерекеге орай балаларға арналған ертеңгіліктер, бұқаралық іс-шаралар өткізіліп жатыр. Алайда, мерекелік жиын өтетін ғимаратқа қойылатын талаптар да бар. Іс-шара өтетін нысанның екі эвакуациялық жолы болып, терезелерінде тор болмауы тиіс. Сондай-ақ ертеңгіліктерді, кештерді алғашқы екі қабатта ғана өткізуге рұқсат етілген. Жаңа жылдың сәні шыршаны орнатудың да өзіндік ережелері бар. Сондықтан төтеншеліктер мейрам қарсаңында балаларға аса мұқият қарауға шақырады. Заңсыз сатылатын пиротехникаларды сатып алудың, оны қолданудың алдын алу қажет екенін ескертеді.Количество показов: 7
Дата создания: 23.12.2025 06:53:45



















