Жаңа төселген асфальт талапқа сай емес!
Профсоюз көшесіндегі №4 көп қабатты тұрғын үйдің алдына жақында ғана жаңа асфальт төселген болатын. Бірақ жасалған жол нормаға сай келмейді. Бұл шешімді облыстық Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының мамандары шығарған. Алда жаңа асфальт бұзылып, қайта жасалады.Тұрғын үй алдындағы жолды жөндеуге жауапты мердігер "Еңбек" серіктестігі. Серіктестік өкілдері асфальтты 10 күн ішінде қайта жаңартып береміз, тұрғындарға алаңдауға негіз жоқ дейді. Жұмысты жарты жолда тастамай, тез арада аяқтауға уәде берді. “Еңбек” серіктестігі шаһарда бұдан бөлек тағы 25 нысанда жұмыстануда. Жоба жұмысына үй алдына асфальт төсеу, балалар алаңын салып, айналаны жарықтандыру, жаяу жүргіншілер жолы мен су ағар салу кіреді. Жоба түгелімен осы жылы аяқталады.
Количество показов: 28
Дата создания: 25.09.2025 07:25:27