Жаңа тұрғын алаптарға инженерлік желілер тартылуда
Шаһардың жаңа тұрғын алаптарында инженерлік желілерді дамыту жұмыстары өз жалғасын табуда. Қазір қаланың 39 тұрғын алабы ауыз сумен қамтамасыз етілсе, электр жүйесімен 49 тұрғын алап жабдықталған. Сонымен қатар, халықты көгілдір отынмен қамту мәселесі де назардан тыс қалмаған. Арнайы жобалардың нәтижесінде облыс орталығындағы 54 тұрғын алап газбен қамтылған. Биыл арнайы өкілдер тарапынан тұрғындарды сумен, газбен қамтамасыз етуге басымдылық беріліп отыр. Шаһардағы инфрақұрылыммен қамтамасыз етіліп келе жатқан аумақтардың бірі - Ақжар плюс тұрғын алабы. Тұрғындардың айтуларынша, елді мекен газ, су және электр жарығымен толықтай қамтамасыз етілген. Дегенмен тұрғындарды алаңдататын мәселе - жол. Тұрғындар электр жарығының кей кездері сөніп қалатынын айтады. Бірақ бұл мәселе бойынша олар еш жерге шағымданбапты. Тұрғын алабындағы негізгі мәселе шешілсе, нұр үстіне нұр болар еді дейді алап тұрғындары.Количество показов: 8
Дата создания: 05.05.2026 07:32:21



















