Жаңа оқу жылына орай дәстүрлі мектеп жәрмеңкесі ұйымдастырылды
Жаңа оқу жылына дайындық қызу жүріп жатыр. Қаламызда дәстүрлі мектеп жәрмеңкесі ұйымдастырылып, ата-аналарға қажетті тауарларды бір жерден сатып алуға мүмкіндік жасалды. Сауда сөрелерінде мектеп формасы мен кеңсе тауарларынан бөлек, жергілікті тігіншілердің өз қолымен тіккен өнімдері де ұсынылған. Биылғы жәрмеңкеде әлеуметтік санаттағы тұрғындарға да жеңілдік қарастырылған.Қаламызда 15-ші тамыз күні дәстүрлі мектеп жәрмеңкесі ашылды. Бұл жәрмеңке ата-аналарға балаларын жаңа оқу жылына дайындауға мүмкіндік береді. Бұл жоба кәсіпкерлер палатасының бастамасымен және өңірдегі мектеп формасын өндірушілердің қатысуымен ұйымдастырылды. Сонымен қатар жәрмеңке қонақтарына мектеп оқушыларына қажетті тауарлардың кең ассортименті ұсынылды. Мысалы: мектеп формасы, кеңсе тауарлары, аксессуарлар және басқа да қажетті бұйымдар. Мамандардың айтуынша отандық өнімдерге, сондай-ақ Дизайнерлер мен тігіншілер қауымдастығының мүшелері болып табылатын жергілікті ательелер мен тігін цехтарының өнімдеріне ерекше назар аударылды. "Жәрмеңкенің мақсаты қазақстандық өндірушілерді қолдау және отбасылардың жаңа оқу жылына дайындалуын жеңілдету. Арнайы санаттағы адамдарға да жеңілдіктер қарастырылған. Сонымен қатар кәсіпкерлер палатасы, сауда орындарының кәсіпкерлерге тегін берілгенін атап өткен жөн екенін айтады. Жергілікті бизнесті қолдағаны үшін "Атамекен" кәсіпкерлерді қолдау орталығы басшылығы "Dostyk" СО басшылығына алғыстарын білдіреді.
Количество показов: 17
Дата создания: 18.08.2026 07:36:39



















