Жаңа оқу жылына дайындық басталды
Мектепке дайындық қанша тұрады? Санаулы күндерден соң жаңа оқу жылы басталады. Ата-аналар балаларын ертіп базарда жүр. Бүгінде мектепке дайындық қарбаласы.Қалтаны қымбатшылық қысып тұрғанда бағасы мен сапасы сай киім-кешек пен құрал-жабдықтарды табу оңай емес. Бір баланы мектепке киіндірумен қатар оқу құралдарын алу үшін қанша теңге керек? Қыркүйек айы жақындаған сайын мектепке дайындық науқаны қызады. Сауда орындарында халық көп. Әсіресе баласын жетектеген ата-аналар. Олардың басты міндеті – балаларына мектеп формасымен, оқуға керек құрал жабдығын алып беру. Қаламыздағы оқу құралын сататын дүкен сөрелерінде көздің жауын алатын кітап, қаламдар толып тұр. Алушылардың көпшілігі сапасына мән береді. Сапалы заттың бағасы да қымбаттау келеді. 12 беттік дәптерлер- 29 теңге, күделік-400 теңгеден басталады. Күнделіктің қабы- 10 данасына 400 теңгеден. Өшіргіш, қаламдар 20-теңгеден басталады. Сурет салуға арналған альбом-190 теңге, ермексаз-720 теңгеден сатылуда.Оқу құралдар сататын дүкендерде қазір адам көп емес,- дейді сатушы. Бірақ тамыздың ортасында сауда қыза түседі. Қазір маусымдық саудаға дайынбыз, дүкен сөресінен кез-келген оқуаға қажетті құралды табасыз,- дейді ол.
Количество показов: 10
Дата создания: 04.08.2026 07:27:04



















