Жаңа оқу жылына дайындық басталды
Жаңа оқу жылы қарсаңында облысымызда әлеуметтік қолдауға мұқтаж оқушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсету жоспарланып отыр. Биыл 16 мыңнан астам балаға қолдау көрсету үшін 816 миллион теңгеден астам қаражат қарастырылған. Сонымен қатар, 1 тамыздан бастап дәстүрлі "Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциясы басталады. Жаңа оқу жылына дайындық басталды. Мектеп формасы, аяқ киім, сөмке мен оқу құралдары әр отбасы үшін қомақты шығын. Сондықтан билік тарапынан әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасылардың балаларына биыл да қаржылай және материалдық көмек көрсетіледі. Бұл жөнінде басқармадағылар қажетті ақпаратты облыстық, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің әлеуметтік желілерінде жарияланатынын айтты. Сонымен қатар 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында "Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциясы өтеді. Акцияға кәсіпорындар, кәсіпкерлер мен жанашыр тұрғындар да демеуші болып қатыса алады. Тұрғындар болса, бағаның қымбаттауы халықтың қалтасына жүк салып отырғанын айтады. 1-2 ні баланы мектепке дайындаудың өзіне 100-150 сың теңге кетеді орта есеппен. Ал көпбалалы отбасыларға 3-4 есе көп қаражат керек,- дейді олар. Биыл өңір бойынша 16 мың 64 балаға әлеуметтік көмек көрсету жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа 816 миллион 870 мың теңгеден астам қаржы қарастырылған. Бір балаға берілетін көмек көлемі 50 мың 861 теңге.Количество показов: 6
Дата создания: 01.08.2026 07:11:22



















