Жаңа оқу жылына дайындалған ата-аналар базардан мектеп формаларын жинақтауда
1-қыркүйекке санаулы күндер қалды. Жаңа оқу жылына ата- аналар дайындықты мектеп формасын алудан бастайды.2026-2027 оқу жылы қарсаңында Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарындағы міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды түсіндірді. Ведомство мектептердің ата-аналарды форманы белгілі бір дүкеннен немесе нақты бір өндірушіден сатып алуға міндеттей алмайтынын еске салды. Бұл базардағы мектепалды қарбаластың көрінісі. 3-4 баласын ерте жүрген ата-аналар үйдегі оқушыларына аяқ киімнен бастап, костюм-шалбар, ақ жейде, спорттық киімдерін түгендеп жүр. Сатушылар да қазір базар тіршілігі қыза түскенін айтады. Министрліктің мәліметінше, ұлдар мен қыздарға арналған мектеп формасы күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді. Оны таңдағанда оқушылардың жас ерекшелігі, климаттық жағдай, сабақ өтетін орын, мектеп ғимаратындағы температуралық режим және қауіпсіздік талаптары ескеріледі. Ал мектеп формасына келгенде әр мектептің дизайны, түсі әр түрлі келеді. Қазір мектепке арналған киімдердің бағасы әр түрлі. Орталық базарда ақ жейде 4000-6000 теңге аралығында, жилет 3500-5000 теңге, шалбар- 5000теңге, белдемше 3500-4000 теңгеден басталады. Сатып алушылардың бірі киімдер қымбат десе, екіншісі қалта көтерерлік,- дейді. Айта кететін жайт, елімізде әлеуметтік осал санаттағы отбасылардың балаларына мектепке дайындалу үшін мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Жалпыға бірдей білім беру қоры арқылы мектеп формасын, аяқ киім мен қажетті оқу құралдарын сатып алуға қаражат бөлінеді. «2026–2027 оқу жылы қарсаңында мұндай қолдаумен 450 мыңға жуық баланы қамту жоспарланып отыр. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттерден шамамен 23 млрд теңге қарастырылған», – делінген министрлік хабарламасында.Количество показов: 10
Дата создания: 13.08.2026 08:01:38



















