Жаңа оқу жылы қарсаңында білім беру саласы бойынша тамыз кеңесі өтті
Жаңа оқу жылы қарсаңында қаламызда білім беру саласының басым бағыттары айқындалды. Өңірде дәстүрлі тамыз кеңесі өтіп, білім сапасын арттыру, заманауи технологияларды енгізу және педагогтердің кәсіби әлеуетін көтеру мәселелері талқыланды. Жиында үздік ұстаздар марапатталып, білім беру ұйымдарының жетістіктері таныстырылды.Жаңа оқу жылының қарсаңындағы дәстүрлі тамыз кеңесі білім саласының өткен оқу жылын қорытындылап, алдағы міндеттерді айқындайтын маңызды алаң. Биылғы жиынға өңір басшысы, Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтер қатысты. Пленарлық отырыста білім беру жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері талқыланды. Тамыз кеңесінде академиялық адалдық пен құндылыққа негізделген тәрбие мәселелері де сөз болды. Жиында жасанды интеллектінің білім беру үдерісіндегі мүмкіндіктеріне де ерекше назар аударылды. Мамандар білім алуға барлық балаға бірдей жағдай жасау, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту және педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасын табатынын айтады. Ал "Үздіктер шеруінде" өңір педагогтері мен білім беру ұйымдарының жетістіктері таныстырылды. Жиын барысында еңбегімен ерекшеленген педагогтерге құрмет көрсетіліп, олардың жетістіктері көпшілікке үлгі ретінде ұсынылды. Мамандардың айтуынша жаңа оқу жылында Ақтөбе облысының білім беру жүйесі сапаға, цифрлық трансформацияға және адами капиталды дамытуға бағытталмақ.
Количество показов: 11
Дата создания: 29.08.2026 09:56:26



















