Жөтелді емдеудің жаңа тәсілдері талқыланды
Биыл он тоғызыншы рет ұйымдастырылған Халықаралық конгресс медицина ғылымы мен практикалық денсаулық сақтау арасындағы байланысты нығайтуды көздейді. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде «Адам және дәрі-дәрмек-Қазақстан» XIX халықаралық конгресі өтті. Форум аясында терапия, кардиология, пульмонология, гастроэнтерология, неврология, педиатрия және эндокринология бағыттары қамтылды. Сала мамандары қазіргі таңда клиникалық тәжірибеде дәлелді медицина қағидаттарын енгізудің маңызына тоқталды. Айтуларынша, заманауи фармакотерапия науқастарды емдеудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Пленарлық отырыста пневмонияны дифференциалды диагностикалау, жөтелді емдеудің жаңа тәсілдері, коморбидті науқастарды жүргізу және бауырдың майлы аурулары кеңінен талқыланды. Сондай-ақ халықаралық сарапшылар клиникалық тәжірибедегі өзекті мәселелер бойынша баяндама жасады. Конгресс аясында бірнеше секциялық отырыс өтті. Онда кардиология, ревматология, неврология және педиатрия салаларындағы диагностика мен емдеудің өзекті әдістері сөз болды. Жиынға жас ғалымдар, резиденттер мен практик дәрігерлер де белсенді қатысты. Мамандар мұндай ғылыми алаңдар медицина сапасын арттыруға ықпал етеді дейді.Количество показов: 5
Дата создания: 14.05.2026 06:45:01



















