Жәрмеңкеде 42 мекеме 500-ге жуық бос жұмыс орындарын ұсынды
Келушілер үшін арнайы ақпараттық тақта ілініп, қалалық жұмыспен қамту орталығының мамандары мемлекеттік бағдарламаларды түсіндірді. Бүгін барлығы 42 мекеме 485 бос жұмыс орнын ұсынды. Жұмыс берушілердің көбі тігінші, еден жуушы, қамыр илеп, нан пісірушілерді іздеді. Әсіресе, медицина, білім, қызмет көрсету мекемелері өздеріне нәзік жандыларды жұмысқа алуға келісіп отыр. Ал ер азаматтарға жол жөндеу, аббаттандыру және көгалдандыру, құрылыс жұмыстары ұсынылды. Айта кетейік, «Жұмыспен қамту- 2020" жол картасы бағдарламасы аясында 15 адам жұмыс берушінің сұранысына сәйкес «Көгалдандыру» кәсібі бойынша маусым айында қайта даярлау курстарын аяқтап, тұрақты жұмыспен қамтылады.
Количество показов: 1843
Дата создания: 06.05.2016 18:24:44