Жүргізушілерге қатысты жаңа талаптар енгізілмек
Жүргізушілерге қатысты жаңа талаптар енгізілмек. ІІМ әзірлеген заңнамаға өзгерістерге сәйкес, 65 жастан асқан және мүгедектігі бар азаматтар көлік жүргізу құқығын сақтау үшін екі жыл сайын міндетті медициналық тексеруден өтеді делінген. Елімізде жүргізушілерге қойылатын талаптар күшейтіледі. ҚР ІІМ хабарлауынша, "Жол қозғалысы туралы" Заңға жаңа түзетулер енгізіледі. Енді 25 тамыздан бастан 65 жастан асқан және мүгедектігі бар жүргізушілер әр 2 жыл сайын медициналық тексеруден өтуі қажет. Егер белгіленген мерзімде денсаулық жағдайы туралы мәліметтер мемлекеттік жүйеде жаңартылмаса, жүргізуші куәлігінің жарамдылығы уақытша тоқтатылады. Сонымен қатар, қолданыстағы заң электронды түрде жүзеге асады. Бұдан бөлек, жол қозғалысы ережесін жүйелі түрде немесе өрескел бұзған жүргізушілерге қатысты қосымша талаптар енгізу көзделген. Мұндай азаматтар теориялық емтиханды қайта тапсыруға жіберілуі мүмкін, дейді облыстық ПД Әкімшілік полиция басқармасы. Ал ІІМ аталған санаттағы жүргізушілерден дереу медициналық тексеруден өтуді және жүйедегі деректерінің жаңартылғанын қамтамасыз етуді ескертеді.Количество показов: 7
Дата создания: 30.07.2026 02:19:40



















