Жұмыстан босатылған бұрынғы жолсеріктер сот шешіміне қарсы
Жұмыс беруші мен мына азаматтар арасында дау осыдан 3 жыл бұрын басталды. Сот шешімімен жолсеріктер біресе жұмысқа алынып, біресе қызметінен қайта қуылып, әрі-сәрі күй кешкен. 4-ші сәуірі күні олар жұмыстан босатылды деген ақырғы құжатты қолдарына алады. Жолсеріктер билетсіз жолаушылар тасымалдаған. Бұлар Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау аймақтарында қызмет еткен. Өздері секілді жұмыстан айрылғандар саны 10-нан асатынын жеткізді. Бүгін бәрі жиналып, "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамының "Батыс" аймақтық тасымалдаушылар филиалы ғимаратына барды. Мекеме заңгері Венера Қожина ер адамдарды сабырға шақыруға тарысты.
"Батыс" жолаушылар тасымалы жөніндегі аймақтық филиал директоры Марат Каналин телефон арқылы мән-жайды түсіндіріп берді. Сот шешімін орындағаннан артық әрекетке барған жоқпыз дейді ол.
Количество показов: 2022
Дата создания: 03.05.2016 18:48:58
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 году и является одной из старейших прогр... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы байырғы хабарлардың бірі. Эфирге 1997 жылд... Подробнее >>