Жұмыссыздар үшін МӘМС жарнасын мемлекет төлейді
Шаһардағы емханалардың дәрігерлері жаңа жылдан бастап медициналық сақтандыру жүйесінде өзгерістер күшіне енетінін еске салды. Атап айтқанда, жеңілдік санатына жататын азаматтар медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмектерді тегін алу үшін тиісті растайтын анықтамаларды ұсынуға міндетті болады. Медициналық сақтандыру жүйесіндегі жаңа талаптар енгізілетін медициналық ұйымдардың қатарында М.Оспанов атындағы БҚМУ жанындағы отбасылық медицина клиникасы. Жеңілдік санатына жататын азаматтардың қолында медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмектерді тегін алуды растайтын анықтама болуы шарт. Жұмыссыз азаматтар D және E санаттарына кіреді. Тиісті анықтамасы болған жағдайда дәрі-дәрмектерді және бейінді мамандардың қызметтерін тегін ала алады. D санаты – қаржылық жағдайы қиын, аз қамтылған азаматтар. E санаты – табысы төмен жандар. Отбасылық медицина клиникасында жалпы саны 11 адам Жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз деген мәртебе алуы тиіс. Ал, елімізде шамамен 1 миллион адамның өздігінен МӘМС жарнасын төлеуге мүмкіндігі жоқ. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл азаматтар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары жергілікті атқарушы органдардың есебінен төленетін болады. Сондай-ақ ресми түрде тіркелген жұмыссыз азаматтардың МӘМС жарналарын да жергілікті бюджеттен төлеу қарастырылып отыр.Количество показов: 7
Дата создания: 27.12.2025 07:28:30



















