Ақтөбеде тонау фактілері жиілеген. Қылмыстың мұндай түріне баратын көбіне жұмыссыз жүрген жастар. Бүгін облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Әлиев баяндама жасап, депутаттардың сауалына жауап берді. Күн тәртібінде қаралған мәселе өңір жастары мен жасөспірімдері арасындағы құқықбұзушылық. Отырыс барысында №1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығының мәселесі қаралды. "Үміт" сәбилер үйінің 30 шаршы метрінде мүгедек балаларды оңалту қызметі көрсетіледі. Кең ғимараттың қалған 3345 шаршы метрі "Үміт" сәбилер үйінің еншісінде. Мұнда 25 бөбек бар. Жеткіншектер мен сәбилерді, қыз балалар мен ұлдарды бір бөлмеге орналастыру жағдайын көрген депутаттар наразылық білдірді. Мұның өзі қылмысқа итермелейді. Айта кетейік, дәл осы орталықта мүгедек бүлдіршіндерді ұрып-соғу дерегін тергеп, тексеру жүріп жатыр. Комиссия мүшелері мәселені өңір басшысына жеткізбек. Ал аймақтағы жасөспірімдер қылмысына келер болсақ, қылмыстық жауапкершілікке тартылған жасөспірімдердің дені-адам денсаулығына қауіп төндіріп, жарақат салу, соққыға жығу, тонау фактілері бойынша сотталған. Өрімдей жастардың қылмыс жасауына ата-ананың немқұрайлығы, интернет пен жұмыссыздық себеп дейді полицейлер. Қазір балаларды бір сәтке де көзден таса қылуға болмайды. Ал жастар арасындағы жұмыссыздық шешімін таппай, қылмыс жалғаса береді.
Өңірде 174 мыңнан астам жас бар. Олар немен айналысады, алға қойған жоспарлары бар ма, өмірге деген көзқарасы қандай? Мұны талдау облыстық жастар саясаты басқармасы мен жастар ресурстық орталығының еншісінде, дейді ведомоство өкілі. Профилактикалық шараларды да жастар ұйымдары өткізуі тиіс. Жыл басынан бері жасөспірімдер арасында 30 қылмыс тіркелді. Оны жасағандардың жетеуі мектеп оқушысы. 18- і колледж студенті. Қалған бесеуі бос жүрген жасөспірімдер. Ұялы телефон, ақша, құнды заттар мен азық-түлікке дейін ұрлаған. Ал аудандардағы жасөспірімдер қылмысы бойынша Қобда мен Байғанин көш бастап тұр. Жиынды қорыта келе, полицейлер білім саласының қызметкерлерімен үзбей жұмыс істеу керек деген тұжырым жасалды. Ал мектеп ата-анамен байланысты нығайтуы керек. Қатаң тәртіп пен қадағалау бар жерде қылмыс азаятыны анық.
Количество показов: 934
Дата создания: 17.05.2022 20:05:30
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>