Жұмысшы болу-ұят емес!
Бүгін Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақта бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. 40-қа жуық кәсіпорын 300-ге жуық бос жұмыс орынын ұсынды. Шараны қалалық мансап орталығы, «Аmanat» партиясы жанындағы «Жастар рухы» Жастар қанаты облыстық филиалы және қалалық жастар ресурстық орталығы бірге ұйымдастырған. Жұмысшы мамандарға сұраныс көп. Мыңға жуық бос жұмыс орыны бар. Дегенмен екі қолға бір күрек іздеген жастардың жалақысы аз жұмыстарға барғылары жоқ. Жәрмеңкеге жұмыссыз жастар, өзін-өзі қамтушылар, аз қамтылған отбасы мүшелері, мүмкіндігі шектеулі адамдар, борышкерлер, пробация қызметі есебінде тұрғандар қатысты. Жұмыс берушілер қатарында ірі кәсіпорындар, зауыттар мен білім, медицина мекемелері бар. Экономист, заңгер, есепші, психолог, жүргізуші, дефектолог, ағылшын, орыс, қазақ тілі пәндеріне мұғалімдер, аспазшы, наубайшы, жүн сұрыптаушы, корпоративтік сату менеджерілері қажет. Жұмыссыз жастарға түрлі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары да жүргізілді. Шаһарда белсенді шараларға 2600-ден астам жас бағытталған. Әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар тәжірибесі, қоғамдық жұмыс, алғашқы жұмысқа қабылданды. 1500-ға жуық ақтөбелік тұрақты жұмысқа орналасқан. Шағын кәсіп бастауға ниетті жастарға да қолдау көп. «Бастау бизнес» кәсіпкерлер негіздері курсын шаһарда 420 адам оқып, үйренген. Электрондық еңбек биржасы онлайн оқуын да игергендер де бар. Мемлекеттік қайтарымсыз грант 46 жасқа берілген. Бүгінгі жәрмеңкеге де үмітпен келгендер көп. Бірі - екі қолға бір күрек табылса болды деп келсе, енді бірі - айлық жалақысы көп жұмыс іздеп жүр. Шаһарда жыл басынан бері 8 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өттті. 400-ден астам адам жұмысқа орналасты. Оның 100-ден көбі жастар. Ал, қаланың Электронды еңбек биржасы порталына 2041 бос жұмыс орны жарияланған.Количество показов: 21
Дата создания: 16.08.2025 09:53:59