Ж.Кереев көшесі асфальтталады
Қазір қала жолдарында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Ескі асфальты алынып, жаңасы төселгелі жатқан көшелердің бірі - Жансен Кереев көшесі. Ескі асфальт жабындысы әлдеқашан алынған. "Astana energo hub" серіктестігі өкілдерінің айтуынша, жаңа асфальт төсеу жұмыстары ертең басталады. Көше тұрғындары жолдардың жаңаланып жатқанына риза. Шұрық-тесік жолдар асфальтталса, шаһардың да сәні кіреді. Себебі вокзалдан түсе сала қалаға келген қонақтарға да, автокөліктің жүруіне де, жаяу жүргіншілерге де жолдардың жақсы болғаны дұрыс. Тек жұмыстар аяқсыз қалып қоймай, тезірек бітсе болғаны,-дейді тұрғындар. Жаңа асфальт 417 метр жерге төселеді. Жауапты мердігер өкілінің айтуынша, бұл көшеге 2 қабат асфальт құйындысы төгіледі. Бірінші қабаты - 9 см, екінші қабаты - 5см. Жауаптылар жол жөндеу жұмыстарын уақытында аяқтауға уәде берді.Количество показов: 14
Дата создания: 20.09.2025 08:02:36