Зейнеткер суға жауапты компания өкілдеріне наразы
84 жастағы ақтөбелік өзіне суға жауапты мекеме мамандарының жедел көмек көрсетпегендеріне наразы. Айдың басында құбыр жарылып, пәтерін ыстық су жайлапты. Айтуынша, жарылған құбыр дер кезінде жөнделмеген. Ал, жауапты компания апаттық қызмет бригадасы баспанаға жылдам жетіп, қызмет көрсеттік деп отыр.Прохоров көшесінің тұрғыны Валентина Собакарь пәтеріндегі құбырдан ыстық су кетіп, дер кезінде көрсетілмеген көмекке наразы. Оқиға 7 қаңтар күні басталған. Зейнеткердің айтуынша, үйде жертөле болмағандықтан, құдыққа сантихник түсіруге мәжбүр болған. Алайда суды толық жабу мүмкін болмапты. Әжей "Ақбөте су-Energy Group" АҚ-ның арнайы қызметіне хабарласқан. Олар уақытылы келмеді дейді. Ал 8 қаңтарда жалдамалы сантехник қажетті материалдарды сатып алып, таңмен жөндеу жұмысына кіріскен. Ал, компания өкілдері әйел адамның хабарласқанын растап, апаттық қызмет бригадасы жедел жетіп, қызмет көрсетті деп сендірді. 15 минут ішінде мамандар көмек көрсеткен. Пәтердегі құбыр жөнделген. Бірақ, ыстық су атқылап жатқан апаттық жағдайда апаттық қызмет өкілдері қаншалықты тез қимылдауы керек? Әсіресе, мәселе денсаулығында кінәраты бар қарияларға қатысты болса. Сұрақтың жауабы ашық күйінде қалып отыр.
Количество показов: 8
Дата создания: 15.01.2026 07:25:04



















