Зейнетақы төлемі туралы ақпарат жалған
"Зейнеркерлерге зейнетақы қоры 150 мың теңгеден беріп жатыр" деген ақпарат уатсап желісінде таралып кетті. Бұл ақпаратты естіген халық, тиесілі ақшасын алу үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына қарай ағылған. Осыған орай, мемлекеттік зейнетақы қорларының қызметкерлері халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, аталмыш бір реттік төлемнің - мемлекеттік кепілдік төлем екенін түсіндірді. Мемлекеттік кепілдеме барлық зейнетке шыққан азаматтарға тиесілі, алайда қазір 2018 жылдың тамыз және қыркүйек айларында зейнетке шыққандарға беріліп жатыр. Оның мөлшері зейнетақы қорындағы жиналған төлемге байланысты. 150 000 теңгеден беріп жатыр дегенге сенген халыққа мамандар ортақ желідегі әр зейнеткердің мәліметін тексере отырып, жеке-жеке нақтылап түсіндіріп жатыр. Зейнеткерлер мамандардың кеңесінен кейін тыныштала бастаған. Мемлекеттік кепілдік төлемі 2003 жылдан бастап күшіне енсе де, ол 2009 жылдан беріліп келеді. Себебі бұған дейін зейнетақы қорларының инвестициялық кірісі инфляциядан асып тұрды. 10 жылға жуық уақытта облыс бойынша мемлекеттік кепілдік төлемін 36 319 зейнеткер алды. Қор барлық салымшылар мен алушыларға әлеуметтік желілер арқылы таратылатын әртүрлі хабарламаларға емес, тек ресми ақпарат көзінен алынған ақпараттарға ғана сену керек деген ескерту жасады.
Количество показов: 1509
Дата создания: 19.10.2018 18:09:59



















