«Зерде» республикалық зерттеу жобалар байқауы өтті
Бүгін қаламыздағы №31 мектепте 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті. Шараның бүгін екінші күні. Байқау барысында оқушылар өз ғылыми жобаларын 12 секцияда 2 бағыт бойынша қорғайды. Жаратылыстану-математикалық бағыт және қоғамдық-гуманитарлық бағыт. Конкурстың облыстық кезеңінде «Бас жүлде» иеленген оқушылар 2026 жылғы қаңтар айында өткізілетін республикалық кезеңде өңірдің намысын қорғайды. Аймақта «Зерде» республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті. 2 және 7 сынып оқушылары 2 бағытта білімдерін сынады. Жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық бағыттарда тапсырмалар орындады. Байқау балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыруға бағытталған. Сонымен қатар зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытқан қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау, оларға қолдау көрсету. Жастайынан қоршаған ортаны аялап өсудің маңызын үйренген жастар, өздері дайындаған жобаларымен бөлісті. Биыл облыстық кезеңге 528 ғылыми жоба ұсынылып, оған 702 оқушы қатысты. Оның ішінде 390-нан астамы ауылдардан келген. Қатысушылар өз жұмыстарында жоғарыда атап өткендей, заманауи және өзекті тақырыптарды қарастырды. Қазылар алқасының жұмысына Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 36 профессор-оқытушы құрамы тартылды. Байқау ережесіне сәйкес, қатысушылардың 60%-ы «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады және барлық қатысушыларға сертификат табысталады. Өңірлік кезеңінде «Бас жүлде» иеленген оқушылар 2026 жылғы қаңтар айында өткізілетін республикалық кезеңде облыстың намысын қорғайды.Количество показов: 8
Дата создания: 28.11.2025 07:48:18



















