Өзен суымен жасыл желек суару қаншалықты дұрыс?
Қарғалы өзенінің бойынан арнайы техника келіп күніне су алады. Оны күнделікті көреміз, әрі жыл сайын қайталанатын көрініс. Өзен суын Нұр сити ауданындағы жасыл желекті суару үшін алады екен,- дейді тұрғындар. Осы шағыммен тұрғындар қоғам белсенділеріне шығып, дабыл қақты. Көріп тұрғандарыңыз Қарғалы өзені. Көпір астынан арнайы техника келіп су алып жатқанын көруге болады. Өзендегі су жоқтың қасы. Бірақ тұрғындарды мазалайтын сұрақ, қаншалықты жасыл желекті суаруға суды өзеннен алған дұрыс? Бұл іс әрекет заңға қайшы келмейді ме? Қоғам белсендісінің айтуынша, суды кім алса да, не үшін алды, рұқсат қағаз керек. Әрі, жасыл желекті суаруға суды өзеннен алуға мүлде болмайды. Өзен суында түрлі бактериялар болуы мүмкін. Бұл су бақша суаруға арналмаған және Қарғалы өзенінен алатын су да қалмады. Жыл санап өзен арнасы тарылып, құрған барады,- дейді ол. Қоғам жанашыры бұл істердің барлығын жауапты орындар тексеріп отыруы тиіс. Өзен, көл, жер бәрі әкімшіліктің құзырында,- дейді. Мысалы, Нефтяник-С бау бақша ұжымының тұрғындары бұл көріністі жыл сайын көреміз деп жеткізді. Яғни техника келеді, ол таза болса бір жөн, көлік лас, кейде майы суға ағып тұрады. Сосын тиісті орындарға хабарлайық деп, қоғам белсенділеріне шығыпты. Александр Мандрыкиннің пікірінше, бұл мәселе бірінші жыл емес екенін айтады. Ол мұны жергілікті билік тарапынан бақылаудың болмауымен байланыстырады. Мұндай бұзушылықтар қаламызда жалғаса берсе, экологияға кері әсері үлкен болады,- дейді ол.Количество показов: 15
Дата создания: 14.07.2026 06:08:06



















