Үздік жастар марапатқа ие болды
Бүгін қалада "Ақберен" жастар сыйлығы - 2025 марапаттау рәсімі өтті. Бұл сыйлық қоғамның әр саласында табысты еңбек етіп жүрген, ел дамуына өз үлесін қосып жүрген жастарды қолдауға бағытталды. Салтанатты жиынға түрлі сала өкілдері, қоғам белсенділері мен жастар ұйымдарының мүшелері қатысты. Марапат иегерлері білім, еріктілер және қоғамдық қызмет бағыттары бойынша анықталды. "Үздік офицер" ретінді Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты, полиция капитаны Сайран Сисенбай жастар сыйлығымен марапатталды. Құқық қорғау органдарындағы қызметін 2016 жылдан бастаған. Шара барысында үздік деп танылған жастарға арнайы дипломдар мен марапаттар табысталды. "Ақберен" жастар сыйлығының иегерлері "Үздік жастар ресуртық орталық", "Үздік жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы", "Үздік спортшы", "Үздік кәсіпкер", "Үздік журналист", "Үздік студент", "Үздік қоғамдық ұйым", "Үздік жұмысшы", "Үздік офицер", "Үздік ұстаз" номинациялары бойынша таңдалды. Үздіктер өздеріне көрсетілген сенім мен қолдау үшін алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта да аянбай еңбек етуге уәде берді. "Ақберен" жастар сыйлығы жас буынның әлеуетін арттырып, олардың қоғамдағы белсенділігін күшейтуге бағытталған игі бастама болып табылады.Количество показов: 7
Дата создания: 20.12.2025 05:50:43



















