Үздік үш жоба республикалық байқауға жолдама алады
"Бір ауыл – бір өнім" жобасы аясында облысымыздың үздік үш жобасы облыстық кәсіпкерлік палатасының қолдауына ие болып, экспортқа шығу мүмкіндігіне қол жеткізбек. Биыл шілде айында өткен көрмеге қатысқан 52 жобаның ішінен 10 жартылай финалист іріктелген болатын. Бүгін олар өз өнімдерін арнайы комиссияға таныстырды. Жобаға қатысушылардың бірі - жас кәсіпкер Бекет Құдайбергенов. 2021 жылы ата кәсібін жалғастырып көрмекші болады. Яғни жазық далада өсетін, ем-шөптерді жинап, түрлі ауруға қолданып бастайды. Оның таңдауы жантақ шөбіне түскен. Бұл шөп шөл далада, құрғақ жерде өскендіктен, оны тек түйе мен ешкі жейді. Ал түйенің шұбаты ем, ешкінің сүті -ананың сүтімен пара пар екені белгілі. Демек бұл шөптің емдік қасиеті мықты,-дейді кәсіпкер. Жантақ өсімдігінің емдік қасиетін ата-бабамыз біліп, пайдаланып келген. Шөптің тамыры да, сабағы мен масақтары да емдік қасиетке ие. Жантақ өсімдігінің құрамында каротин, эфир майлары, қант, суда еритін органикалық заттар, С және К дәрумендері, бояғыш заттар және шайыр кездеседі. "Біз бұл шөптің қасиетін пандемия кезінде көріп, көзіміз жетті",-дейді жас кәсіпкер. Бүгін жобаның 3 жеңімпазы анықталады. Ал қазылар шешімімен жеңімпаз жобалар "аймақтың үздік өнімдері" ретінде республикалық сайыста таныстырылады.Количество показов: 19
Дата создания: 13.09.2025 09:50:50