Үздік оқушылар Президенттік олимпиадаға жолдама алды
Президенттік олимпиада - дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, олардың танымдық белсенділігін арттыру, ғылымға деген қызығушылығын дамыту, сондай-ақ интеллектуалдық әлеуетін жетілдіру мақсатында жыл сайын ұйымдастырылатын білім сайысы. Бүгін шаһарда жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың бірінші өңірлік кезеңі өтті. Сайыстың әр қатысушысы барлық кезеңдерде төрт пән бойынша тапсырмаларды дәстүрлі форматта, қағазға жазу арқылы орындайды. Таңдалған пәндер - математика, физика, химия және биология. Олимпиаданың ерекшелігі, қатысушылар бұрын-соңды республикалық және халықаралық пән олимпиадаларына қатыспаған білім беру ұйымдарының 11 cынып оқушылары. Олимпиаданың облыстық кезеңіне 127 оқушы қатысты. Қатарында аудан мектептерінен - 58 оқушы, қала мектептерінен - 57 және облыстық білім беру ұйымдарынан - 12 оқушы бар. Өңірлік кезең қорытындысы бойынша 20 үздік білім алушы ғана келесі республикалық кезеңге жолдама алады. Республикалық кезең қараша айына жоспарланған.Количество показов: 30
Дата создания: 07.10.2025 09:24:01