Үздік медицина қызметкерлері марапатталды
Бүгін медицина саласының үздік мамандарына құрмет көрсетілді. Денсаулық сақтау қызметкерлері күні қарсаңында өткен салтанатты шарада ақ халатты абзал жандар марапатталды. Облыс әкімі Асхат Шахаров сала мамандарын төл мерекелерімен құттықтап, гүл шоқтары мен алғыс хаттар табыстады. Адам жанының арашасы атанған ақ халатты абзал жандардың еңбегіне бүгін ерекше құрмет көрсетілді. Салтанатты жиында салада ұзақ жылдар еңбек еткен мамандар мен өз ісінің үздіктері марапатталды. Шараға қатысқан облыс әкімі Асхат Шахаров медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың қоғамдағы маңызды рөлін атап өтті. Марапат иелерінің қатарында медицина саласында 32 жыл қызмет атқарған тәжірибелі дәрігер Венера Іздібаева да болды. Ол 1994 жылы Ақтөбе медицина институтын тәмамдап, сол жылы емханаға жұмысқа орналасқан. Содан бері бір мекемеде үздіксіз жұмыс істеп келеді. Дәрігердің айтуынша, медицина саласына келуіне отбасының ықпалы зор болған. Әкесі де осы оқу орнының түлегі болғандықтан, бүгінде әулеттің бірнеше буыны медицина саласында еңбек етіп жүр. Ақ халатты абзал жан қоғамда дәрігер мәртебесі артып, олардың еңбегі әрдайым лайықты бағаланса,- дейді.Бүгінде өңірдің денсаулық сақтау саласында мыңдаған маман еңбек етеді. Олар тұрғындардың денсаулығын сақтау жолында күн сайын қызмет атқарып келеді. Күн демей, түн демей талай өмірді сақтап қалу үшін жанын салатын абзал жандардың жұмысы оңай емес. Бірақ дәрігерлі мамандық- үлкен жауапкершілікпен келетін мамандық түрі. Сондықтан жүрекпен таңдалған жұмысты атқаруда, шаршауды елемейміз,- дейді дәрігерлер.Количество показов: 21
Дата создания: 20.06.2026 07:58:30



















