Зауыт қызметкерлері наурыз мерекесін тойлады
Ақтөбе хром қосындылары зауыты "Наурызнама" аясында Наруыз мерекесін кең көлемде атап өтті. Кәсіпорын аумағы ұлттық нақышта безендіріліп, киіз үйлер тігіліп, мерекелік атмосфера орнаған. Ұлыстың Ұлы күніне орай ұлттық ойындар ойнатылып, қызметкерлер арасында түрлі сайыстар ұйымдастырылды. Қатысушылар арқан тартыс, асық ату, ләңгі тебу сынды дәстүрлі ойындарда бақ сынап, өзара мықтыны анықтады. Сонымен қатар, қонақтарға бауырсақ пен наурыз көже ұсынылып, ұлттық дастархан жайылды. Жұмысшылардың сіңірген еңбектері де бағаланды. Өзін көрсете білген мамандарға басшылық арнайы жолдамада табыстады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл мереке ұжым арасындағы бірлікті нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған. Ал зауыт қызметкерлері үшін бұл тек мереке ғана емес, рухани серпіліс сыйлайтын ерекше күн. Наурыз - жаңару мен жаңғырудың белгісі. Осындай игі бастамалар арқылы ұлттық дәстүрлер жаңғырып, келер ұрпаққа насихатталуда.Количество показов: 5
Дата создания: 21.03.2026 06:55:29



















