Заречный-3 жасөспірімдерінің енді өз спорт кешені бар
Бүгін Заречный-3 ықшамауданында да жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Енді тұрғындардың спортпен айналысуға, белсенді демалуға және денсаулықты нығайтуға арналған заманауи алаңы бар. Жаңа нысан тек спортшылар үшін ғана емес, салауатты өмір салтын таңдайтындардың барлығы үшін тартылыс орталығына айналмақ. Мұнда балалар 4 спорт түрін меңгере алады. Шаһарда жаңа «Заречный» дене шынықтыру-сауықтыру кешені салтанатты түрде ашылды. Бұл қаладағы спорт инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам болды. Заманауи залда 50-ден 200-ге дейін спортшы шағын футбол, еркін және грек-рим күресі, сондай-ақ дзюдо бойынша жаттыға алады. Спорт кешенінің ашылуына Алматы ауданының әкімі, ардагерлер мен спортшылар қатысты. Салтанатты рәсімнен кейін меймандар спорт кешенін аралап көрді. Жаттығу және ойын залдары, киім ауыстыратын, жуынатын бөлмелер ата-аналар мен жас спортшылардың көңілдерінен шықты. Жасөспірімдердің көздері жайнап, спортқа деген құлшыныстарын байқатты. Таңмен кешенде алғашқы жаттығулар өтіп, зал спорттық жігер мен серпінге толды. «Заречный» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылуы жергілікті тұрғындар үшін нағыз сый болды. Грек-рим күресінен мұнда 3 топта 30-дан астам бала жаттығады. Жаттықтырушы Әділбек Ерболатұлы болашақта үлкен жетістіктерге жетеміз деген үмітте. Жаңа спорт жұлдыздары шыңдалып, ең бастысы – аймақ мақтан тұтатын салауатты әрі белсенді ұрпақ қалыптасатынына сенімді.Количество показов: 28
Дата создания: 24.10.2025 08:14:25



















