"Заң және тәртіп" фотокөрмесі өтті
"Заң және тәртіп" фотокөрмесінде тәртіп сақшыларының қызмет барысындағы маңызды сәттер бейнеленген. Көрмеге келушілер полицейлердің күнделікті патрульдік жұмысы, қылмыспен күрес пен қоғам қауіпсіздігін сақтау жолындағы қажырлы еңбегін суреттер арқылы тамашалады. Әр фотокадр – батылдық пен кәсібилікті, ел тыныштығын күзеткен қызметтің салмағын сездіретін көрініс. Шаһардағы ірі ойын-сауық орталығында өткен көрменің басты мақсаты - құқық қорғау қызметінің маңызды қырларын көрсету және қоғамда қауіпсіздік пен тыныштықтың маңызын насихаттау. Көрмеде учаскелік инспекторлардың, жол-патрульдік полиция қызметкерлерінің және арнайы бөлімшелердің қызмет барысындағы сәттер бейнеленген. Қала тұрғындары бұл бастаманы жылы қабылдап, полицейлердің еңбегіне құрмет білдірді және суреттерден полицейлердің қайсарлығын, қоғамға адалдығын және өз ісіне деген жауапкершілігін сезінгенін айтады.Количество показов: 18
Дата создания: 15.10.2025 08:32:22