Заңсыз ақша айырбастаушылар саудасы қызу
Доллар тағы да арзандай түсті. Қазақстан қор биржасындағы таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, шетелдік валюта бағамы кешегімен салыстырғанда 3 теңге 87 тиынға төмендеп, 1 доллар 501 теңге 49 тиын болды.Қаладағы ақша айырбастау пункттерінде доллар сатылымы тоқтап тұр. Сатып алу құны - 498 теңге. Заңды ақша айырбастау орындарындағы жағдайдың тұрақсыздығынан болар, базардағы заңсыз ақша айырбастаушылардың жұмысы қызып тұр. Олар қолдарындағы шетел валютасын 515-520 теңге аралығында саудалауда. Бір аптадан бері елімізде теңге нығайып жатыр. Бүгін Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, шетелдік валюта бағамы кешегімен салыстырғанда 3 теңге 87 тиынға төмендеп, 1 доллар 501 теңге 49 тиын болды. Ұлттық банктің 24-наурыздағы ресми бағамы 1 долларға - 505 теңге 22 тиын. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде долларды сату бағамы 503 теңге 75 тиын, сатып алу – 509 теңге 49 тиын. Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 505 теңге 25 тиыннан болса, сатып алу құны – 510 теңге 98 тиын.Количество показов: 658
Дата создания: 24.03.2022 18:05:03



















