"Заң мен тәртіп" тақырыбында студенттермен кездесу ұйымдастырылды
Ғаламтордағы қауіпсіздік пен құмар ойынға тәуелділіктің алдын алу. Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінде өткен кездесуде жастарға осы мәселелер кеңінен түсіндірілді. Мамандар жастарға қазір уақыттың қадірін біліп, зиянды ақпараттан сақтанып, саналы шешім қабылдап үйрену қажеттігін ескертті. Әсіресе құмар ойын адамның қаржылық жағдайына ғана емес, психологиялық ахуалы мен әлеуметтік ортасына да кері әсер етуі мүмкін екенін түсіндірді. Жиынға арнайы шақырылған спорт шебері, WBC тұжырымы бойынша азия чемпионы, UBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Нұртас Әжбенов қатысты. Чемпион жеткіншектерді спортпен айналысуға, мақсат қойып, оған жету қадамдарын бастауға шақырды. Спортшының айтуынша, жетістікке жетудің негізі жолы тәртіп, еңбек және табандылық. Кездесу барысында студенттер мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқықтық және психологиялық тұрғыда жауап алды. Ұйымдастырушылар мұндай кездесулер жастардың цифрлық және құқықтық сауаттылығын арттырып, интернеттегі қауіп-қатерлерге сыни көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік беретінін алға тартты. Кездесуге 250-ге жуық жас қатысты.Количество показов: 11
Дата создания: 16.09.2026 09:35:41



















