Заңды білу әр азаматтың міндеті
Бүгін Ахмет Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназиясында "Заң және тәртіп: құқықты біл, міндетіңді орында!" атты танымдық сайыс өтті. Шараға 9-сынып оқушылары қатысып, құқықтық білімдерін ортаға салды. Сайыс екі кезеңнен тұрды. Алғашқы бөлімде оқушылар "Кім жылдам?" атты блиц-сұрақтарға жауап берді. Заң мен құқыққа қатысты білімдерін сынады. Екінші кезеңде қазіргі замандағы өзекті мәселелер бойынша жоба қорғады. Сайыс барысында жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері, құқық бұзушылықтың алдын алу, киберқылмыс, ғаламтордағы қауіпсіздік және буллинг мәселелері талқыланды. Іс-шараға мектеп әкімшілігі мен тарих пәні бірлестігінің өкілдері, сондай-ақ облыстық полиция департаментінің мамандары қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастырып, қоғамдық тәртіпті сақтауға деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді. Өйткені өз құқығын білетін, міндетін орындайтын және заңды құрметтейтін ұрпақ қоғам тұрақтылығының негізі дейді.Количество показов: 12
Дата создания: 16.10.2026 08:42:47



















