Бүгін Қызылжар ауылында 300 балаға арналған жаңа мектеп ашылды. Білім ордасына ақиқық ақын Мұқағали Мақатаевтың есімі берілген. Заманауи үлгіде салынған жаңа ғимараттың ашылу салтанатына шаһар басшысы қатысты. Мектеп 2 қабатты. 21 кабинет бар. Спорт зал, 100 орындық асхана, еңбек сабақтарына арналған екі кабинет, мұғалімдер кабинеті мен мәжіліс залы бар. Мұнда арбаға таңылған балалар да келіп, білім ала алады. Заманауи ғимараттың іші мен сыртында пандус бар. 2-қабатқа көтерілетін жеделсаты да салынған. Қызылжарлықтардың бүгін ерекше қуануының жөні бар. Ауыл бой түзегелі, мұнда 150 орындық Қызылжар орта мектебі ғана жұмыс істеді. Өз ауылындағы мектептен орын таппаған оқушылар автобуспен өзге аудандарға қатынап оқитын. Енді міне, бұл проблема шешімін тапты. Балалар алысқа сабылмайтын болды.
М.Мақатаев атындағы №73 мектепте екі аусымда 600-дей бала білім алуы тиіс. Мұнда "Қарғалы" тұрғын үй массивіндегі 4-мөлтек ауданда тұратын балалар да қабылданып жатыр. Өйткені, жақын. Әрі қалалық білім бөлімі екі ортаға қатынайтын мектеп автобусын қоспақ. Мектептің құрылысына 880 млн.теңге қаржы облыстық бюджеттен бөлінді. Құрылыс жұмыстары 18 айда бітті.
Количество показов: 1377
Дата создания: 30.08.2018 16:44:27
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>