Қыстан кейін нашар жөнделген жолдардың кемшін тұстары көріне бастады
Шаһардың шұрық-тесік жолдары жөнделіп жатыр. Қыстан кейінгі жолдардың асфальт жабындысында пайда болған ақауларды жою қаланың бірнеше көшесінде жалғасуда. Қала орталығында, Мәскеу, Құрмыш, Сүт зауыты, Шанхай аудандарында, ескі қаладағы және тұрғын алаптардағы көшелер арнайы мониторингтен кейін тізімге енген. Кеше Әз-Наурыз, Шәйкенов көшелеріндегі фрезасы кесілген жол учаскелеріне бірден асфальт төселді. Ағымдағы жөндеу жұмысы «Коквест» серіктестігінің жауапкершілігінде. Келісім бойынша 250 млн теңге қарастырылған. Бірақ бұл қаражат мердігерге толық төленеді деген сөз емес, деді шенеуніктер. Себебі, қаржы мердігерге жұмысты аяқтағаннан кейін ғана төленеді. Осы айда ағымдық жөндеу жұмыстары көп қабатты үйлердің аулаларына кіреберістерде, квартал аралық учаскелерде де басталды. Жұмыстар қаланың орталығында ғана емес, шаһардың ескі бөлігі мен екінші деңгейлі көшелерде, тұрғын алаптарында да жасалады.Количество показов: 23
Дата создания: 17.04.2025 09:25:26